Акцияға жастар ресурсы орталығының мүшелері, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері, Алакөл жағалауындағы Ақши ауылында орналасқан демалыс үйлері мен базаларының иелері қатысты.
«Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау мен оларды полигонда кәдеге жарату үшін екі автокөлік пен «Акмодор» техникасы бөлінді», - делінген хабарламада.
Еріктілер жағалауды су шайып кетпес үшін және топырақты бекемдеу үшін тал отырғызды.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дәулет Жуандықовтың айтуынша, көл жағалауындағы демалыс үйлері мен пансионаттардың иелері экология мәселесіне ерекше мән бере бастаған.
Мәселен, «Эко 1» жобасы бойынша құрылысы салына бастаған «Аквамарин Резорт» жаңа базасы қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды брикеттеп, жылыту жүйесі пешіне өртеу жолымен оқшаулы циклда өңдеуді, биогаз алу мақсатында биоқондырғы қоюды қолға алмақшы.