Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара сауда көлемі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 53 млрд долларды құрады

2014 жылдың қорытындысы бойынша, Еуропалық Одақ (ЕО) пен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 53 миллиард АҚШ долларына жетіп, еліміздің сыртқы сауда айналымының 53 пайызын құрады, деді Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Дәмегүл Қабиева ЕҰУ-дегі конференцияда.
Нұр-Сұлтан05 Маусым , 12:47

«Қазақстан әріптестік пен ынтымақтастық Стратегиясын жаңарту идеясын қолдайды, біз оның қайта қаралғандығын қалаймыз. Біздіңше, ЕО пен Орталық Азия (ОА) арасындағы Стратегияның жаңартылуы осы уақытқа дейін негізі қаланған ынтымақтастықты нығайта түседі. Биылғы жылдың қаңтар айында Стратегияны қайта қаруға қатысты өзіміздің ұсыныстарымызды беріп жібердік. Стратегияның бірінші нәтижелеріне келетін болсақ, ЕО мен ОА елдері арасындағы Астанада заң үстемдігі бойынша өткен төртінші министрлік конференциясын айту керек. Заң үстемдігін қамтамасыз етуде еуропалық әріптестермен ынтымақтаса қызмет ету Қазақстан үшін өзекті мәселе»,-деді Д.Қабиева.     

Оның сөзінше, Қазақстан келесі жылдың күзінде ЕО мен ОА арасындағы кезекті конфренцияны өткізуге дайын отыр.  

«Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты ынтымақтастық белсенді жалғасуда, бірінші кезекте бұл жоғары саяси ынтымақтастық серпіні. Жыл соңына дейін біз Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. ЕО біздің бірінші инвестициялық әріптесіміз болып қала береді. 10 жыл ішінде тауар айналымы 13 есеге артты, Қазақстан экономикасына салынған  еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есеге көбейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, өзара сауда көлемі 53 миллиард АҚШ долларынан асып түсіп, еліміздің сыртқы суда айналымының 53 пайызын құрады. Қазақстанда 6 мыңға жуық еуропалық компаниялар бар, біз Қазақстанның ДСҰ-на кіруін күтіп отырмыз және бұл үдеріс барысында ЕО көрсетіп отырған қолдауды жоғары бағалаймыз»,-деді елші.    

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика