Қазақстанда көліктерді тығыздалған газға көшіру жұмыстарын жеделдету керек

Елімізде автомобиль көліктерін «көгілдір отынға» көшіруді ынталандыру мен газ құятын стансалар қатарын кеңейту жұмыстарын жеделдете түсуе керек, деді Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы парламенттік тыңдауларды дайындау жөніндегі арнайы уақытша комиссияның жетекшісі Шавхат Өтемісов.
Нұр-Сұлтан01 Маусым , 16:54

Депутаттың сөзінше, бүгінде елде тығыздалған мұнай газымен қамтамасыз ету саласында айтарлықтай проблемалар бар. Бүгінде елде 2,5 тонна осындай өнім өндіріледі. Оны тұтыну көлемі ел ішінде 650 мың  тонна, қалғандарының барлығы сыртқа шығарылады. Ш.Өтемісовтың сөзінше, тығыздалған газ басқаны қойғанда моторға арналған отын болып табылады. Осыған бюайланысты депутаты көліктерді осы отын түріне көшіру мақсатында оларды ынталандыру жұмыстарын жандандырып, газ құятын стансалар қатарын кеңейту қажеттігін айтты. «Бәлкім Салық кодексінде газды пайдаланатын көліктерге салынатын салық көлемін төмендету жағын ойластыру қажет шығар. Бұл шаралар елімізді жанар-жағар май бойынша сыртқа тәуелділіктен де құтқарады»,-деді Мәжіліс депутаты.  

Оның сөзінше, Қазақстанда тығыздалған газды саудалаумен 70-ке жуық тіркелген газжелілік компаниясы айналысады.

Бұл ретте, Ш.Өтемісовтің айтуынша, Қазақстанда көптеген жылдар бойы тығыздалған газдың бағасы біркелкі болмай келеді. Соның салдарынан еліміздің аймақтарында баға көрсеткішінде 2 еседен көп айырмашылық бар. «Мысалы баллон газы Маңғыстауда 65 теңге болса, Алматы, Жамбыл облыстарында 150 теңге. Газбен жүретін мотор нарығындағы жағдай да осылай. Ақтөбеде оның бір литрі 21 теңге болса, Шығыс Қазақстанда 65 теңге»,-деді депутат.

Бұған қоса,  көпқабатты үйлерде баллондарды пайдалану шектеулері бұзылуда. Осы бағыттағы жұмыстарда бақылау жоқ. Мәселені шешу үшін Энергетика министрлігінде тетіктер мен басқару құралы жоқ. «Сол себепті тығыздалған газ нарығын бақылау қызметін газбен жабдықтау Ұлттық операторына, яғни «ҚазТрансГаз» АҚ-на беру керек»,-деп мәлімдеді халық қалаулысы.    

Сөз соңында ол өндіріс саласында табиғи газ (сланцевый) айналымы мен көмірпласттарынан алынатын метанның белсенділігінің төмен екендігіне назар аударды. «Бүгінгі таңда бұл сала таза ғылыми бағытқа ауысты. Сондықтан біз «Газбен қатмасыз ету туралы» заңына өзгерістер енгізіп, Салық кодексіне оларды өндіруді ынталандыратын толықтырулар енгізу керек деген ойдамыз»,-деді Ш.Өтемісов.   

Тауарлы газбен қамтамасыз етуде тауарлы газдың сапасы проблема болып отыр. Бұл тауарды өндіруішілердің барлығы бірдей оның сапасына қойылатын талаптарды орындай бермейді. «Нәтижесінде газ құбырлары ескіріп, тұтынушыға жететін газ бағасы қымбаттайды. Сондықтан Үкімет бұл мәселені реттеуі керек»,-деді депутат.  

Индира Кауметова

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика