Ақтөбеде «Жасыл ел» отрядының мүшелері қаланы абаттандыруға кірісті

Ақтөбеде «Жасыл ел» отрядының мүшелері қаланы абаттандыруға кірісті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе22 Мамыр , 15:21

Хабарламада облыс орталығында орналасқан жоғары оқу орындарының студенттері «Жасыл ел» отрядының құрамында қала маңын тәртіпке келтіріп, құрылыс алаңдарында да жұмыс істеп жатқандығы айтылады.  

«Олардың жұмыстары науқандық және мамыр мен тамыз айларының аралығында жалғасады. Көптеген азаматтар үшін бұл жазғы демалысты пайдаланып қаржы табатын мүмкіндік»,-делінген хабарламада.

Осы күндерде 200-ден астам жас қаланың көгеріштендіру мен санитарлық тазалығымен айналысуда. Олардың 50-і орман шаруашылығының айналасында жұмыс істеуде, қалған аймақтарда «Ақтөбе» ЖШС жұмыс істейді.  


 




Яндекс.Метрика