Евразиялық экономикалық кеңістік

ЕЭК: ЕАЭО аясында бәсекелестік ережелерін бұзу фактілері анықталған жоқ

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы монополияға қарсы орган болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) бесекелестік ережелерін бұзу фактілерін анықтаған жоқ, деп хабарлады ЕЭК алқасының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелері жөніндегі мүшесі Нұрлан Алдабергенов ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу мәселелеріне байланысты Астанада өткен мәжілісте.
Нұр-Сұлтан20 Мамыр , 11:52

«Соңғы уақытта ұйымға мүше мемлекеттер тарапынан ықпалдасу жағдайы тереңдеп барады. Нарықта беларустық, ресейлдік және біздің қазақстандық ірі компаниялар жұмыс істеуде. Олардың арасында бәсекеліестік бойынша қандай да бір проблеам туындамауы үшін монополияға қарсы орган ЕЭК құрылды. Осылайша бүгін біз алғашқы түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз»,-деді Н.Алдабергенов.

Оның сөзінше, монополияға қарсы орган әзірге бәсекелестік бойынша ешқандай да қарама-қайшы мәселелерді анықтаған жоқ.   

«Бұл ретте проблемаларды анықтау жұмыстары қалай да жүргізілетіндігін айта кету керек. Егер ол одаққа мүше мемлекеттердің аймағында болса, іздестіру жұмыстарын сол мемлекеттің монополияға қарсы органдары жүргізеді. Егер мәселе екі мемлекетке қатысты болса түйінді Еуразиялық экономикалық комиссия шешеді. Қажет жағдайда комиссия одаққа мүше елдердің монополияға қарсы ргандарымен бірге де іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл тетік қазір толық қарқында жұмыс істеп жатыр. Яғни іздестіру жұмыстары Кедендік  Одақ келісіміне сәйкес, ал жеке мемлекеттің аймағында сол елдің заңнамаларына сәйкес жүргізіледі»,-деді ол.   

Анар Тәңірқұлова  




Яндекс.Метрика