Германияда Астана мен Берлин ынтымақтастығының мүмкіндіктері талқыланды

Биылғы жылдың 7-мамырында неміс тарапының шақыруымен ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіповтің Берлиннің Бургомистрі Михаэль Мюллермен және Мекленбург-Алдынғы Померания федералдық жерінің Бургомистрі Эрвин Зеллерингпен кездесулері өтті. Келіссөздер барысында «Қазақстан 2050» Стратегиясы және «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясаты шегіндегі аймақтық қатынасты жетілдіру мәселелері талқыланды.
Әлемде11 Мамыр , 15:03

Германия астанасының жаңа басшысы М. Мюллер 2001 жылы қол қойылған екі ел астаналары арасында әріптестік ыңтымақтастық туралы Меморандумның негізінде Астана мен Берлин арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынысты жандандыруға қызығушылығын және дайын екендігін білдірді. Берлинің Бургомистрі «Экспо-2017» халықаралық көрме шеңберінде екі астананың мүмкіндіктерін атап өтті.

Мекленбург-Алдынғы Померания федералдық жерінің басшысы Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықаралық беделінің өсуіне жоғары баға беріп, бірлескен жобалардың іске асыруда оның басқарып отырған федералдық жерінің әлеуетін белсенді пайдалануды ұсынды. Мысал ретінде Көкшетау мен Васмар қалалары арасында ынтымақтастық байланысты тереңдетуді атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылмалы энергия көздері саласында бірлескен жобаларды іске асыру, Балтық теңізі жағасында орналасқан неміс теңізжайларын пайдалану және көлік инфрақұрылымның мүмкіндіктері ынтымақтастықтың басымды бағыттары болып табылады. Осыған байланысты, ол ү.ж. 1-4 маусым аралығына Қазақстанға жоспарланған аймақтық делегациясының іс-сапарына үлкен үміт артып отыр.

Өткізілген кездесулер барысында неміс саясаткерлері Президенттің қайта сайлануына орай  Қазақстан халқына және Елбасына шын жүректен құттықтауларын жолдап, біздің елімізге және Елбасына  өрлеу және өркендеу жолында үлкен табыстар тіледі.

 




Яндекс.Метрика