Қазақстанда орталықтандырылған сумен халықтың 77,4 пайызы қамтамасыз етілген

Қазақстанда тұрғындардың 77,4 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, -деді Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Нұр-Сұлтан12 Мамыр , 10:51

«Жылу инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы республика бойынша 12,5 километр, газбен қамтамасыз ету жүйелері 29,4, электр желілері 136,6 километр. Жылу қазандықтары бойынша сағатына 100 Гкал 5 мың 646 дана. Бұл тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртуға қажетті бүгінгі таңда біз жұмыс істеп жатқан көлем»,-деді Қ.Өскенбаев.  

Бұған қоса, ол республика бойынша  су желілерінің ұзындығы 61 мың километрді құрайтындығын, оның 24 пайызы жөндеуді қажет ететіндігін атап өтті.   

«Еліміздің халқының саны 17,4 миллион адам болса, олардың 13,4 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 8,2 миллионы қалалық аймақтарды қамтиды. Ауыл тұрғындарының 5,2 миллионы осы жүйені пайдаланады»,-деді вице-министр. 

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика