Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

2013 жылдың қазан айынан бастап Павлодар облысында 9-12 жас аралығындағы мың шақты қызға вакцинация егілді

Павлодар облысында папилома вирусына қарсы 9-12 жас аралығында ерікті қыз балаларға вакцинация жүргізілді,деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
Павлодар10 Қазан , 10:08

«Аталмыш егу уақытында шамамен 1 мың қыз балаға егу жұмыстары жүргізілді. Егу жұмыстарынан 2 бала өздерін нашар сезінетіндерін айтып шағымданды. Балаларға білікті мамандар қызмет көрсету үшін олар Баянауыл ауданы Майқайың ауылынан Екібастұз қаласының ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі уақытта балалардың денсаулығы жаман емес», - делінген хабарламада.

Осыған орай, ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау комитеті тарапынан ахуалды анықтау үшін иммунолог, аллерголог, педиатор, эпидемиолог мамандар, сонымен қатар мемлекеттік емес және халықаралық ДДСҰ, ЮНИСЕФ ұйымдарының өкілдерінен құралған комиссия жұмысқа кірісті.

Атылмыш вакцинация індетке қарсы алдын алу мен қыз балалардағы ісік ауруына қарсы егілген. Шағымданып келетін халықтың жартысына жуығы ауру әбден меңдеп,дәрігерлердің қолынан келер шарасы қалмаған кезде аурухана қызметіне жүгінеді. 

 




Яндекс.Метрика