Армения ЕАЭО аясында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ақпараттық базасын құруды ұсынады

ЕАЭО аясында мемлекеттік сатып алу саласында болып жатқан байқаулар туралы нақты ақпарат беріп тұратын бірыңғай ақпараттық базаны құруды ұсынамыз, деді Армения Республикасының экономиканы қорғау мемлекеттік комиссиясының төрағасы Артак Шабоян.
Нұр-Сұлтан11 Сәуір , 13:08

 «ЕАЭО мүше-елдерінің өндірушілеріне өз өнімдерін өзге елде таныстыру үшін үлкен мүмкіндік туды. Мәселен, Арменияда құрылым материалдары мен аяқ киім  өндіретін компаниялар бар әлемге бәсекелестік танытып отыр. Алайда,аталмыш салада  нарыққа кіру мен бәсекелестік таныту жағынан бірқаар проблемалар бар», - деді Шабоян.

«ЕАЭО қатысушы елдеріндегі ұлттық үдерістер ауыл шаруашылығы нысандары қауқарсыз, ақпараттық мәліметтер де жеткіліксіз», - деді ол.

А.Шабоян айтқандай, мемлекеттік сатып алу саласында мүше елдерге бірдей тәртіп болуы  тиіс.

«ЕАЭО мүшелері арасында техникалық реттелмеген мәселелер бар. Сондықтан да өткізіліп жатқан байқаулар туралы нақты ақпарат беретін бірыңғай ақпараттық база құруды ұсынамыз», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика