Павлодар облысында 55 мың көшет отырғызу жоспарлануда

Павлодар облысында елді мекендерін санитарлық тазалау және абаттандыру жөніндегі айлық пен сенбілікті өткізу және жергілікті тауар өндірушілердің өнімін сату мәселелері талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар11 Сәуір , 13:06

Өңірде өтетін санитарлық тазалық айлығы және сенбілік туралы облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Ш. Тұяқов баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, биыл тазалық айлығы 17 сәуірден 17 мамыр аралығында өтпек. Ал сенбілік 18 сәуірге жоспарланған. Айлық шеңберінде 7,6 млн. шаршы метр аулаішілік және елді мекендер аумағын тазалау, ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес субъектілеріне қарасты 896,5 мың шаршы метр аумақты тазалау жоспарланған. 366 ескерткіш абаттандырылып, аумақтары көріктендіріледі. Оның ішінде ҰОС ардагерлері құрметіне қойылған 224 ескерткіш тазаланады. 55 мыңнан аса жас тал отырғызылып, 42,2 мың шаршы метр жерге жаңа көшеттер отырғызуға дайындалады.  

Тазалық айлығы барысында күл-қоқысты шығаруға ірі кәсіпорындардан қосымша 1058 бірлік автокөлік беріледі.

Айлық пен сенбілік шарасына облыс бойынша 4918 шаруашылық субъектісі тартылады.

 

 

 




Яндекс.Метрика