Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

2013 жылы Қызылорда облысында 152 нысан пайдалануға берілді

2013 жылы Қызылорда облысында 152 нысан пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 2 есеге артық, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі құрылыс басқармасына сілтеме жасай отырып.
Қызылорда08 Қаңтар , 14:30

«Салынған нысандар ішінде 23-і білім беру нысандары (19 мектеп пен 4 балабақша), 16 денсаулық сақтау нысаны (3 емхана, 11 амбулатория мен 2 фельдшерлік-акушерлік пункт) және 8 мәдениет саласына қатысты нысан», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, салынған ғимараттың 8-і «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолға алынған.

«Ең көп, яғни 91 нысан «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды», - деп нақтыланған хабарламада.

Тапсырылған нысанның 98-і республикалық бюджет қаражатынан, ал 54 нысан облыстық бюджет есебінен салынған.

Жалпы, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қызылорда облысы республикада құрылыс қарқыны бойынша бірінші орында.

 




Яндекс.Метрика