Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

2013 жылы Қарағанды облысының медмекемелерінде пациенттер туралы бірыңғай базалық мағлұмат жобасы енгізілуде

Қарағанды облысында ағымдағы жылы «смарт-медицина» және «электронды медицина» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды04 Қазан , 09:00

«Ағымдағы жылы денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстары жүруде.  Бұл денсаулық сақтау саласының сапалы қызмет көрсетуіне өз септігін тигізбек», - деп хабарламада нақтыланған.

Қазіргі таңда стационарлы қызмет бойынша бағдарламалардың дәрігерлік қамтылуы жүзеге асты. Жыл соңына дейін емханалық қызмет бойынша бағдарлама енгізіледі.

Атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері ағымдағы жылдың 9 айында жақсарды, бұл 2012 жылдық көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

Сонымен қатар, облыста туу көрсеткіші өсті, ол 100 мың адам көрсеткіші бойынша  17,59-дан 18,05-ке дейін көтерілді. 




Яндекс.Метрика