Ақтөбеде электр энергиясын қалдықтарды қайта өңдеу зауыты өндіреді

Облыстық әкімдік пен Голландияның «Ren The B.V» компаниясы арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу туралы алдын ала келісімге қол қойылды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе02 Сәуір , 11:38

«Ақтөбе қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу арқылы қалдықтардың зиянын жою, оны өңдеп, өнім шығаруға пайдалану жоспарда бар болатын, енді міне, соның сәті түскелі тұр. Голландиялық компаниямен арадағы келісім бойынша жобаны жүзеге асырсақ, зиянды қалдық төрт есеге азаяды. деді облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев. — Енді

Аталмыш компанияның атқарушы директоры Валдис Бистерстің айтуынша, жобаны жүзеге асыру мамыр айында басталып, күзде аяқталатын болады. Ал зауыт алдағы жылдан бастап қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жұмысын бастайды.

Жылына 200 мың тоннадай қалдықты қайта өңдейтін зауыт қалдықтардан пластмасса, металдар алатын болады. Сондай-ақ, жұмыс процесі кезінде сағатына 10-15 МегаВатт электр энергиясын өндіру де жоспарда бар.

Зауыт іске қосылғанда қалдық 80 пайызға дейін азаяды.

«Бұрын Латвияда, Австрияда, Германияда осындай қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салдық. Енді Ақтөбеде бұл жобаны жүзеге асырмақпыз. Қайта өңдеу көлемін 200 мың тоннаға дейін деп жоспарладық. Өйткені Ақтөбе өсіп келе жатқан қала», — дейді Валдис Бистерс.

           

 




Яндекс.Метрика