Үкімет

ҚР Президенті «Еңбек Даңқы» орденін тағайындауға бағытталған заңға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еңбек Даңқы» (Трудовая Слава)» орденін тағайындауға бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан17 Наурыз , 19:23

Мемлекет басшысы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімін жеңілдетуге, осы саладағы ақпараттық жүйелері мен дерекқордың интеграциясына, сондай-ақ жаңа мемлекеттік награда – «Еңбек Даңқы» (Трудовая Слава)» орденін тағайындауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

 




Яндекс.Метрика