«Жиынға қатысушы мемлекеттер тарапынан міндеттемелерді орындау барысының бірлескен талқылану мүмкіндіктерін таныстыру мен оң нәтижелерді енгізу ұсынылды», - делінген хабарламада.
ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев елімізде тамыз айында өткізілген ауыл әкімдерінің сайлауының негізгі нәтижелерін таныстырып, мұның Қазақстандағы саяси және сайлау жүйесіндегі дамуындағы маңызын атап өтті.
«Өткізілген сайлау қорытындысы бойынша, 2457 ауыл және аудан әкімдері сайланды. Бұл елді-мекендерде жалпы саны 7 млн болатын қазақстандықтардың жартысына жуығы өмір сүреді», - деді Марат Сәрсенбаев.
Жиынға қатысушылар қатысушы мемлекеттердің оң нәтижелерімен болашақта бөлісуді және облыс әкімдерін сайлаудағы алдыңғы қатарлы тәжірбиелерді енгізуді қолдады.