Қала әкімдігінен хабарлағандай, өткен жылы экологиялық таза көліктер санын арттыру курсы жалғасын тапты. Яғни, Алматыдағы экологиялық таза қоғамдық көліктердің саны 10-нан 60%-ға дейін артты.
Алдағы жылда да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Осылайша жеке меншік тасымалдаушылармен бірге бірлесіп экологиялық таза көліктер санын 100%-ға дейін жеткізуді көздер отырмыз.
Жалпы, жыл сайын қоғамдық көлікке деген қызығушылық артып келеді. Егер, 2009 жылы 152 млн адам тасымалданса, 2014 жылы 262 млн-ға жетті. Демек 5 жыл ішіне жолаушылар айналымы 1,7 есе артты. Бүгінде Алматыдағы қоғамдық көлік қызметін жолаушылардың 32% пайдаланады.