Қазақстан және Мажарстан СІМ басшылары екі жақты қатынастардың даму мүмкіндіктерін талқылады

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға сапармен келген Мажарстан Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті.
Нұр-Сұлтан19 Ақпан , 19:23

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар, Украинадағы, Сириядағы ахуалды, Ауғанстанды тұрақтандыру мәселесі, Иран ядролық бағдарламасы және т.б. өзекті халықаралық мәселелерді талқылады.

Экономика, сауда, инвестициялар салаларында қатынастарды тереңдетуге зор екпін беретін биыл көктемге жоспарланған Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның Астанаға ресми сапары келіссөздердің бас тақырыбына айналды.

Е.  Ыдырысов П. Сийяртоның Қазақстанға түңғыш сапары және алдағы В. Орбанның сапары «екіжақты қатынастарымыздың тарихында маңызды орынға ие болып, Стратегиялық ынтымақтастық туралы біріккен декларацияның тиімді жүзеге асырылуына зор екпін береді» деп атап өтті. «Біз ынтымақтастықтың жоспары мен нақты жобаларын айқындадық, олар бауырлас елдің Премьер-министрінің Қазақстанға сапары барысында іске қосылады», - деді ол.

Е. Ыдырысов Қазақстан Мажарстанды еліміздің мүдделерін еуропалық және халықаралық сахнада ілгерілетуге жол ашатын сенімді серіктес және дос ретінде қарастырады деп атап өтті. «Біз Мажарстанмен қалыптасқан достас, бауырлас қатынастарымызды жоғары бағалаймыз. Мажарстан біздің еуропалық бағыттағы басымдықтарымызды дұрыс түсінеді және Еуропамен жалғайтын көпір ролін атқарады», - деп ҚР СІМ басшысы атап өтті.

Сұхбаттастар екі жақты сауда айналымының көлемін және бірлескен кәсіпорындар санын арттыру қажеттілігін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанда Мажарстанмен бірлескен 50 кәсіпорындар жұмыс істейді.

Іскер серіктестікті белсендіруге қажетті іргетас қаланған. Қазақстанда «Мажарстан сауда үйі» құрылды, «Индустрия және инновациялар бойынша жұмыс тобы» және Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық бойынша комиссия іске қосылды. Мажар министрінің пайымдауынша, Еуропа алға қарай даму үшін ашық саясат ұстанып, дамушы елдермен қатынастарды кеңейтіп, ЕАЭО-мен диалог орнатуы қажет.

Мажарстанның «Шығысқа жол ашу» сыртқы экономикалық стратегиясы және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ықпалдасу мүмкіндіктері атап өтілді.

Тараптар ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттары ретінде жоғары технологиялар дамуы және мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларында жобаларды ілгерілету, фармацевтика, туризм, құрылыс, атом және автомобиль өнеркәсібі, көлік, инновациялар салаларын атап өтті.

Қазақстан министрі әріптесін «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясат аясында мажар кәсіпкерлері үшін ашылатын мүмкіндіктерге, әсіресе Мажарстанның «жасыл» экономикадағы тәжірибесін ескере отырып, түрлі инфрақұрылымдарды дамыту салаларындағы жобаларға көңіл бөлуге шақырды.

Ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру бойынша біріккен қорды және республикалық маңызы бар ҚР тас жолдарында төлем алудың мажарлық жүйесін енгізу бойынша біріккен кәсіпорынды құру бойынша іске қосылған жобалар, ҚР СІМ басшысының пікірі бойынша, ынтымақтастықты белсендірудің зор іргетасын қалауы керек.

«ҚР және ЕО елдері арасында визалық тәртіпті жеңілдету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Е. Ыдырысов Еуропалық Одақтың осы мәселе бойынша Қазақстанға ағат пікірлігін атап өтіп, визалық тәртіпті жеңілдетудің оң салдарын келтірді. Бұл өзара сауда, инвестициялар және т.б. өсіміне жол береді деді. Бұл сұрақта П. Сийярто әріптесін мақұлдап, визалық мәселелер бойынша ҚР және ЕО келіссөздері барысында Мажарстан елімізге қолдау көрсететін болады деді», - делінген хабарламада.

 

 




Яндекс.Метрика