СІМ кездесуде Қазақстан мен ДДСҰ ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының аймақтық директоры Жужан Якабпен келіссөз өткізді, деп ҚР хабарлады СІМ.
Нұр-Сұлтан14 Ақпан , 12:21

Е. Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан басшылығының кез-келген саладағы күші  адам капиталын дамытуға, адамға қамқорлық көрсетуге бағытталған. Ол атап өткендей, бұл мәселе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Ақордадағы Үкіметтік кеңейтілген отырысында да басты мәселелердің бірі болды.

Жалпы, кездесу барысында Қазақстан мен ДДСҰ штаб-пәтері, сонымен қатар Еуропалық аймақтың бюросы  арасындағы  серіктестік қарым-қатынас жақсы дамып келетіні аталып өтті. Бұдан басқа, Е.Ыдырысов ДДСҰ  Қазақстанға денсаулық сақтау саласымен байланысты Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына (МДМ) жетуде көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.  




Яндекс.Метрика