БАӘ Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын қолдайды

Қазақстан Республикасының кандидатурасын 2017-2018 жылдардағы кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілеті шаралары шеңберінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға арналған жолдауы табыс етілді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Әлемде04 Ақпан , 09:56

«Жолдауды ҚР Президентінің арнайы өкілі, Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхамед бен Заид Әл Нахаянмен өткен кездесуде қолма-қол табыстады», - делінген хабарламада.

Кездесуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлану еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды басымдық екені және Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен үлес қосуға ниетті екендігі атап өтілді. А. Мусинов еліміздің қауіпсіздіктің жалпыға ортақ тұжырымдамасына бекемдігін атап өтті. Бұл қауіпсіздіктің, адам құқықтарының және тұрақты даму мәселелерінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін меңзейді.

Әбу Дабидің Тақ мұрагері Әмірліктер Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсететінін және ү.ж. қаңтарда БАӘ-нің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Жарғысына қол қойғанын атап өтті.




Яндекс.Метрика