Қазақстанның ӘӘК сержанттары 2016 жылы АҚШ-та арнайы курстардан өтеді

ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің сержанттары АҚШ-та арнайы курстардан өтеді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Әлемде31 Қаңтар , 12:57

Ведомстводан толықтырғандай, осындай тәжірибені іс жүзіне 2016 жылы енгізу жоспарлануда.

«Сонымен қатар жоспарда АҚШ ӘӘК техникалық мектептері мен сержанттық құрамға арналған білім беру жоспарларын жасау орталықтарында тұрақты оқуларды ұйымдастыру көзделген. Осылайша, қазақстандық әскери қызметшілер техникалық мектеп мамандарын, нұсқаушыларды даярлау әдістерін тереңінен зерттеп, оны біздің елде одан әрі енгізуге мүмкіншілік алады. Бұл уағдаластық екі мемлекет Әскери-әуе күштерінің сержанттары арасында орнатылған болатын», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек,  Қазақстан және АҚШ қарулы күштері сержанттық құрамдарының симпозиумы Астана қаласында ағымдағы жылдың 26-30 қаңтар аралығында өтті. Оған қатысу үшін Қазақстанға тұңғыш рет АҚШ Қарулы Күштері үш түрінің жоғарғы сержанттық құрамының өкілдері келді.




Яндекс.Метрика