Сондай-ақ, Премьер-Министр Швейцария Конфедерациясының экономика, білім беру және зерттеу министрі Йоханн Шнайдер-Амманнмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында К.Мәсімов пен Й.Шнайдер-Амманн Қазақстан-Швейцария сауда-экономикалық ынтымақтастығының жағдайы мен әлеуетін талқылады. Оның ішінде елдер арасындағы бизнес-байланыстың нығаюы мен сауда айналымы да бар. Сондай-ақ, әңгімелесушілер Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену мәселелерін қарастырды.
Айта кетейік, К.Мәсімов жұмыс сапарымен Швейцарияда Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуда.