Қазақстан Венесуэланы Латын Америкасындағы сенімді серіктес ретінде таниды

Қазақстан Венесуэланы Латын Америкасындағы сенімді серіктес ретінде таниды, деп хабарлайды ҚР СІМ ведомства басшысына сілтеме жасай отырып.
Нұр-Сұлтан16 Қаңтар , 13:02

«Бүгін мен өзімнің әріптесім Дельси Родригес ханымды қабылдап отырғаныма өте қуаныштымын. Венесуэла сыртқы саяси ведомствосы басшысының Астанаға алғашқы сапары елдеріміз арасында ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтеріліп жатқанына дәлел болып отыр»,-деп атап өтті Е.Ыдырысов. 

Екі тарап өкілдері экономика, сауда мен инвестция, энергетика, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл салаларындағы Қазақстан мен Венесуэланың екі жақты ынтымақтастығын күшейту мәселелерін талқылады. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрі қазақ жеріне алғаш келген әріптесін қарсы ала отырып, Астана Каракас қаласын Латын Америкадағы сенімд саяси-экономикалық әріптес ретінде бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Е.Ыдырысов Д.Родригеске тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен, «Қазақстан-2050» Стратегиясы, сондай-ақ «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясаттың негізгі мазмұнымен таныстыра отырып, бұл ұзақ мерзімді жоспарлардың негізгі мақсаты елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу екендігін жеткізді. 

ҚР Сыртқы істер министрі әріптесіне екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі әлеуеті туралы айта келе, соңғы жылдары Астана мен Каракас арасындағы өзара іс-қимылдардың даму қарқынына қанағаттанатынын жеткізді. «Бұл ретте, 2012 жылы
Сонымен қатар, іскерлік ынтымақтастықтың дамуына серпін беру үшін Венесуэланың кәсіпкерлерін Қазақстанға шақыру туралы мәселе де талқыланды. 

«Бұл елдеріміздің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ нақты уағдаластықтарға қол жеткізіп, өзара мүдделі салаларда сол уағдаластықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік берер еді»,-деді Е.Ыдырысов. 

Еліміздің Сыртқы істер министрі Д.Родригеске Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуды көздеп отырған Қазақстанның сауда-инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Е.Ыдырысов әріптесін Еуразиялық экономикалық одақ пен Орта Азия нарығына жол табу үшін Қазақстанды плацдарма ретінде пайдалануға шақырды.

Келіссөздердің нәтижесі ретінде Қазақстан мен Венесуэлланың Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат ынтымақтастықтың басым және өзара тиімді салаларын анықтаудағы қосымша құрал болмақ.




Яндекс.Метрика