Н.Назарбаев А.Меркельмен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельмен келіссөз жүргізеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан08 Қаңтар , 14:01

«Былтыр 27 желтоқсанда телефон арқылы сөйлесу барысында жасалған уағдаластыққа сәйкес, Қазақстан Президентінің 9 қаңтарда Берлинде Германия Федералдық канцлері А.Меркельмен бейресми кездесуі жоспарланған. Осы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, неміс тарапының өтініші бойынша Мемлекет басшысының Германия федералдық сыртқы істер министрі Ф.В.Штайнмайермен кездесуі көзделген.




Яндекс.Метрика