Семейде 2015 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға 4 млрд теңгедей қаражат жұмсалады

Семей қаласында 2011-2014 жылдар аралығында «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,2 млрд теңге бөлініп, бүгінде қомақты қаражат толығымен игерілді, деп қалалық әкімдіктен хабарлады.
Шығыс Қазақстан16 Қаңтар , 10:03

2011 жылдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға бір миллиард екі жүз миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, оның бір миллиард жүз сексен төрт миллионнан астамы игерілді.  

Соның ішінде 2013 жылы Мұздыбай ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту жүзеге асырылған. Бұл мақсатта жұмсалған қаржының көлемі алпыс жеті миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ Бұлақ және Озерки ауылдарында сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары атқарылған.

Ал, 2015 жылы Контрольный кентінде сумен қамтамасыз ету жүйесін салу көзделуде. Жоба құны 104 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар Қайнар ауылында салынатын сумен қамтамасыз ету жүйесінің жобасы әзірленді. Бұл мақсаттағы жұмыстарды жүзеге асыруға қажетті қаражат көлемі 49  млн теңге. Алайда келер жылдың бюджетіне Контрольный кентіндегі сумен қамтамасыз ету жүйесін салу жұмыстары ғана енгізілген.

Жалпы, Семей қаласында 2015 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға  4 млрд теңгедей қаражат жұмсалады. 




Яндекс.Метрика