Қазақстан мен Польша өңірлік даму саясаты мәселелері бойынша ынтымақтастық құру туралы келісімге қол қойды

Экономикалық зерттеулер институты (Қазақстан) және Әлеуметтік экономикалық зерттеулер орталығы (Польша) қазақстандық мемлекеттік органдарға өңірлік даму саясаты мәселелері бойынша сапалы кеңестер беру мақсаты болып табылатын серіктестік туралы келісімге қол қойды.
Нұр-Сұлтан19 Желтоксан , 13:11

«Польшаның қызығушылығы  Қазақстанға польшалық даму тәжірибесін үйрету ғана емес, Қазақстанға ақпаратқа бай қоғам құруға қолғабыс көрсетуінде. Сондай-ақ, экономикалық есеп үшін сараптамалық негіз құру үшін қажет. Қазақстан мен Польша ұқсас саяси сұрақтарға келіп жатады, бізде де сол мәселелер, оларды экономикалық саясатты дамыту арқылы бірлесіп шешуіміз қажет», - деді CASE басқарма төрағасы Кристофер Хартвелл.

ЭЗИ мен CASE серіктестігі нақты іс-шараларды қамтиды: біріккен ғылыми зерттеулер, ғылыми-әдістемелік кеңестер, ЭЗИ қызметкерлерін оқыту, ғылыми қызметкерлер үшін тәжірибе алмасу мен тағылымдамалар бағдарламалары.

ЭЗИ мен CASE серіктестігі «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының қолдауымен орнатылды.

Қазақстан мен Польшаның даму институттарының серіктестігі мамандарды оқыту және үлкен тәжірибе алмасуға өзіндік септігін тигізбек.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика