АҚШ-пен іскер және парламентаралық ынтымақтастықтың нығаюы – Қазақстан үшін маңызды басымдық

ҚР және АҚШ арасындағы экономика, сауда және инвенстициялар, парламентаралық ынтымақтастық салаларындағы қарым-қатынастардың одан әрі тереңдетілуі ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Вашингтондағы іс-сапарының екінші күнінде қарастырылған басты мәселелер болды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Әлемде12 Желтоксан , 16:34

Өкілдер палатасының Шетел істері комитетінің төрағасы Эд Ройспен кездесуі барысында парламентаралық байланыстардың одан әрі нығаюы, өңірлік ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі талқыланды.

Кездесуде елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі және тараптардың стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделілігі атап өтілді. Е. Ыдырысов және Э. Ройс парламентаралық ынтымақтастықты одан әрідамыту, өзара байланыстарды арттыру маңыздылығын ерекше атап өтті.

Е. Ыдырысов беделді заң шығарушыны Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол» Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып, жаңа экономикалық саясат 30 ең дамыған елдер қатарына кіру  амбициозды, бірақ қол жетерлік мақсатқа жету үшін бағытталған деп атап өтті. «Бұл мақсаттың жүзеге асырылуы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін жеделдетер еді. Осы орайда АҚШ тарапынанқолдау көрсетіледі деп үміттенеміз», - деді қазақстандық министр. 

Халықаралық мәселенаманы сөз қылғанда, сұхбаттастар лаңкестікпен күрес мәселелеріне тоқталып, «Исламдық мемлекетке» көзқарас, Ауғанстан және Украинадағы жағдайды талқылады.

Геосасат мәселелері сонымен қатар Е. Ыдырысовтың Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының президенті Джон Хамремен және «Guggenheim International» Сараптамалық инвестициялық компания президенті Майкл Медишпен кездесуінде көтерілді.

ҚР СІМ Басшысы мүшелігіне «AES Corporation», «AGCO», «Baker Hughes», «Boeing», «Case New Holland», «Cashman Equipment Corp.», «Chevron Corporation», «Deere & Company», «Exxon Mobil», «Fluor Corporation», «General Electric», «Halliburton», «NUKEM», «Parker Drilling», «SigmaBleyzer Investment Group», «Sikorsky Aircraft», «Solar Turbines», «Tethys Petroleum Inc.»және т.б. компаниялар кіретін Америкалық-Қазақстандық Іскер Ассоциациясы ұйымдастырған «дөңгелек үстелге» қатысты.

Е.Ыдырысов бизнес-қауымдастықтың өкілдерін инвестициялық климатты қолайландыру мақсатында Қазақстанның Үкіметі қабылдап отырған кең-ауқымды шаралармен таныстырды.

 Шетелдік инвесторларға берілетін салықтық жеңілдіктер, инвестициялық омбудсмен лауазымын қалыптастыру, Қазақстанның 10 жетекші экономикалық әріптес елдеріне визасыз режимнің іске қосылуы қарастырылған заңнамалық және басқа да жаңалықтар толығымен назарларына ұсынылды. Американдық бизнесмендер «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, алдағы уақытта Әлемдік Сауда Ұйымына кіруі, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық, сондай-ақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық Экономикалық Одақты құру жөніндегі келісімнің күшіне енуі шеңберінде Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі қызықтырды.

Е.Ыдырысов тыңдаушыларды жаңа көлік-логистикалық инфроқұрылым объектілерін салу құрылысына қатысуға шақырып, Астананың жеке секторды күшейту мен орта классты кеңейту үшін 650-ден аса мемлекеттік объектілерді жекешелендіру жөніндегі жоспарларымен бөлісіп, американдық компаниялар жекешелендіру үдерісіне белсенді атсалыса алатынын жеткізді.

«Дөңгелек үстел» қатысушыларын «жасыл» экономиканы дамыту туралы жоспарлар бойынша ақпараттандыра келе, ҚР СІМ басшысы олардың назарын альтернативті энергетика саласында жұмыс істейтін және энерготиімді технологияларды қолданатын компаниялар үшін берілетін преференцияларға аударды. Министр американдық компанияларды энергетика саласындағы өз жетістіктерін көрсету үшін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды.

 




Яндекс.Метрика