Су ресурстары көлемін ұлғайту – экономика саласын өрге сүйрейді

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және оны іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Нұр-Сұлтан21 Желтоксан , 16:04

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыру бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің атқарып жатқан және күн тәртібіндегі басым бағыттарымен бөлісіп Strategy2050.kz агенттігіне сұхбат берді. Өз сөзінде министр 2050 жылға қарай Қазақстанның сумен қамту мәселесін түбегейлі шешу бойынша Елбасының Жолдаудағы тапсырмаларын орындалу тетіктерін баяндады. Оның айтуынша, қабылданған бағдарламаның негізгі мақсаты – су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін көтеру арқылы еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Ол үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет, оның ішінде су ресурстарының көлемін ұлғайту және суды үнемдеу бойынша шараларды жүзеге асыру арқылы халықты, экономиканың салалары мен қоршаған ортаны кепілді қамтамасыз ету; су ресурстарын тиімді басқаруды көтеру; су экологиялық жүйелерін сақтауды қамтамасыз ету», - дейді ведомство басшысы.  

Сондай-ақ, алдағы уақытта Жоспар бойынша гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту және жетілдіру, республикалық және коммуналдық меншіктегі магистралдық және тарату каналдарын, жүйелі және лиманды суару жерлерін гидромелиоративтік жүйелерін күрделі жөндеу, жаңа су шаруашылығы нысандарын салу қарастырылып отыр.    

«Ақмола, Қызылорда және Павлодар облыстарында рекреациялық маңызы бар және қоршаған ортаға әсер ететін табиғатты қорғау мақсатында 1,3 млрд.км3 көлемінде су жіберілмек. Бұған қоса, «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» (ИДЖЖ-2) жобасының екінші фазасы және «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау. 2-фаза» жобасын (САРАТС-2) іске асыруды дайындау бойынша жұмыстар өткізілуде», - деп түйіндеді өз сөзін А.Мамытбеков.   




Яндекс.Метрика