Өсімдік шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі 1,5 есеге ұлғайды

Өсімдік шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі 1,5 есеге ұлғайды, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан21 Қараша , 13:02

«Соңғы үш жылдағы өсімдік шаруашылығы саласының жылдық орташа жалпы өнім көлемі 1,2 трлн теңгеден асып, былтырғы жылға қарағанда 1,5 есе артық көрсеткіш беріп отыр», - дейді А.Мамытбектов.

Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу өндірісі көлемі де ұлғайып, өсімдік майы 31 мың тонна, яғни 42 пайызға көбейсе, консервіленген көкөніс көлемі 10 пайыз көбейді.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, 2011-2013 жылдары астық, ұн мен күнбағыс тұқымын сатудан шамамен 5,9 млрд доллар көлемінде экспоттық кіріс кірген. «Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда 10 пайызға артық. Мемлекеттік қолдау көлемін арттыру мен заманауи технология құралдарын енгізу шараларын әртараптандыру жұмыстарыөсімдік шаруашылығы өндірісі көлемін арттырып, мал шаруашылығын жем-шөп  қорын көбейтуге мүмкіндік берді»,- дейді министр.

Министрдің мәліметінше, күнбағыс тұқымы, көкөніс, картоп пен бау-бақша өнімдері өндірісінің жылдық орташа көлемі 2011-2013 жылдары әр өнім түрі бойынша шамамен 0,5 млн долларды құрады.

«Өндіріс көлемін арттыру, бағаның қымбаттауы ауыл шаруашылығы өнімінен түсетін табыс көлемін көбейтуге мүмкіндік береді», - дейді ведомство басшысы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика