Жер бетіндегі сұңқарлардың 95 пайызы Қазақстанда ұя салады

«Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жүзеге асырған «Сұңқар» жобасы аясында 22 құсқа спутниктік құрылғы орнатылды. Бұл туралы қоғамдық бірлестік қызметінің он жылдығына арналған баспасөз конференциясы барысында мәлім болды.
Нұр-Сұлтан13 Қараша , 11:17

«2005 жылдан бері ҚБСА республикалық қоғамдық бірлестігі, Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитеті, Франкфурт экологиялық комитетімен Орталық Қазақстанның тағы даласын қалпына келтіру жұмыстарын бастадық. Бұл ынтымақтастық табиғатты сақтау жұмыстарын жолға қоюға деңдессіз мүмкіндік берді. Жалпы, Қазақстандағы табиғатты қорғау жұмыстарына оң баға беруге болады. Мемлекеттік тапсырмасымен және мемлекеттік органдардың қолдауымен қоғамдық бірлестіктердің атқарып жатқан жұмыстары әлемдік экологиялық қауіптің алдын алуда өзіндік мәнге ие», - деп мәлімдеді баспасөз конференциясы  барысында Корольдік құстар қоғамы Орталық Азия бағдарламасының менеджері Стефани Вард.

Айта кетейік, қазіргі таңда жер бетіндегі сұңқар құстарының 95 пайызы Қазақстанда ұя салады. «Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау ассосациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жүзеге асырған «Сұңқар» жобасы аясында аталмыш құс түрлерінің орын ауыстыруы мен орналасу жерлері анықталып, оларға төніп тұрған қатерлердің алдын алу шаралары қолға алынды. Осы мақсатта Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар сұңқар құстарын сақтап қалу бойынша Халықаралық әрекеттер жоспарының негізі болып табылады. Бүгінгі таңда оған 13 мемлекет қатысуда.

Сонымен қатар, республикалық қоғамдық бірлестігінің жүзеге асырған «Сұңқар» жобасы аясында 22 құсқа спутниктік құрылғы орнатылып, 1500 балапан сақиналанған. Осының арқасында құстардың көбею деңгейі мен орналасу жерлері туралы ақпарат алынуда.

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика