Швейцария ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары - ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың Швейцария Конфедерациясына барған жұмыс сапарында Швейцария Конфедерациясы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың бүгіні мен болашағын, ЭКСПО-2017 көрмесіне швейцарлық туристерді тарту мәселесін талқылады.
Әлемде14 Қараша , 19:36

Сапар барысында ЭКСПО көрмесіне Швейцарияның қатысуына жауапты Сыртқы істер федералды департаменті, «Presence Switzerland» мен «Switzerland Tourism» агенттіктері жетекшілігі, сонымен қатар жаңартылмалы қуат көздері саласындағы жергілікті компаниялар басшылығымен екіжақты келіссөздер өткізілді. 

 

«Presence Switzerland» агенттігі жетекшісі Елші Николя Бидомен, СІФД бас хатшысы Б.Беттихпен және «Switzerland Tourism» жаңа нарықтар және Еуразия бойынша директоры Ф. Соммаругамен кездесуде  Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО-2017 көрмесі мен оған дайындық туралы кеңінен әңгімеледі.

Швейцар Конфедерациясының баламалы қуат көздері мен жаңартылмалы энергия саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі екені анық.

Бұдан басқа тараптар ЕҚҰЫ-ның қазіргі төрағасы, Швейцария Президенті Д.Буркхальтераның Қазақстанға алдағы ресми сапарын талқылады.

Сонымен қатар, сапар аясында көрменің Комиссары күн батареясымен жүретін ұшақтарды шығарумен және құрастырумен айналысатын «Solar Impulse» және «Solarstratos» компанияларының басшылармен кездесті.  

Айта кетерлік жайт, «Solarstratos» басшысы  Р.Домжан ЭКСПО шеңберінде 2017 жылы стратосфераға күн батареясымен жүйертін ұшақты ұшыруды ұсынды. Бұдан басқа компания жаңа өнімін таныстырды. 




Яндекс.Метрика