Қазақстан БҰҰ-ның АІБ орындалуы туралы конференцияға қатысты – СІМ

БҰҰ Вена қаласындағы бөлімшесінде БҰҰ-ның теңізге шығар жолы жоқ дамушы мемлекеттерге (ТШЖЖДМ) арналған Алматы іс-әрекет бағдарламасының (АІБ) орындалуын жан-жақты 10-жылдық шолу жөніндегі екінші Конференция өз жұмысын бастады.
Әлемде06 Қараша , 09:01

Конференцияға қатысушылардың алдында БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Аустрия Президенті Хайнц Фишер, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары - БҰҰ теңізге төте жолы жоқ мемлекеттер екінщі Конференциясының Бас Хатшысы Гиян Чандра Ачария, БҰҰ БА 69-шы сессиясының төрағасы Сэм Кутесу, ЭКОСОС төрағасы Мартин Сайдик, Замбия Вице-Президенті, теңізге шығар жолы жоқ, дамушы мемлекеттер Тобының Гай Скотт және жоғарғы лауазымды тұлғалар баяндама жасады. Конференцияның төрағасы болып Аустрияның Сыртқы істер министрі Себастьян Курц сайланды, деп хабарлады СІМ.

Конференцияға келген Қазақстан делегациясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұлов бастап келді. Өзінің баяндамасында Б. Атамқұлов дамыған және дамушы мемлекеттер арасындағы әріптестік тиімділігінің маңыздылығын атап, трназиттік мемлекеттер мен теңізге шығу жолы жоқ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзектілігіне ерекше тоқталып өтті.   Делегация басшысы қатысушылардың назарын Қазақстан Үкіметінің ҚР ДСҰ-на енуіне және индустриалды-инновациялық бағдарламаларды қоса алғанда ҚР-ның көліктік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған мақсатты әрекеттеріне аударды.   

Конференция алаңында қазақстандық тараптың БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Г.Ч. Ачарияның офисі мен БҰҰ Бас Хатшысының баршаға арналған орнықты энергия жөніндегі арнайы өкілі К.Юмкелланың офисімен бірлесе ұйымдастырған «ТШЖЖДМ-не арналған орнықты энергетика және Астана «ЭКСПО-2017» келешек энергия» тақырыбына  сайд-ивент өткізілді. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 өткізу жөніндегі бастамашыдығы мен БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунның «Баршаға арналған орнықты энергия» бастамашылығын біріктіруге күш салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.   

Айта кетейік, 2003 жылы Алматы қаласында қабылданған АІБ өзара мүдделерді ескере отырып, ТШЖЖДМ-де тиімді транзиттік-көліктік жүйені дамыту мақсатында ғаламдық жаңа әрекеттер шеңберін құруға бағытталды.  Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін транзиттік-көліктік саясат, инфрақұрылымдарды дамыту және қызмет көрсету, халықаралық сауда және саудаға ықпал жасау, халықаралық қолдаудың шаралары, шолуды орындау және жүргізу сияқты бағыттарда бес нақты басымды міндеттер қабылданды.




Яндекс.Метрика