Қазақстанда аз байытылған уран банкі экологияны ластамайды

Қазақстанда аз байытылған уран банкі экологияны ластамайды, бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық бақылау және тексеру комитетінің төраға орынбасары Тимур Жантикин мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан11 Қазан , 13:08

 «Аз байытылған уран банкінен ядролық жанармай дайындалады осыдан барып 235 уранының изотобын жасауға мүмкіндік беріледі. Бұл сезгіш технологиялар, ол екі бағытта қызмет етеді, мұндай технологиясы бар елдер оны  жанармай  шығарып, әр түрлі бағдарлама дайындау мақсатында қолдана алады. Қоршаған ортаға тасталатын қоқыстар жоқтың қасы. Бұл зауытта бар технологиялармен тығыз байланысты», - деді ол.

Т.Жантикиннің айтуынша, МАГАЭ бағытындағы аталмыш банкті құрастыру Қазақстанда жанармай базасын құруды қамтамасыз етеді.

«Екі бағыттағы технологиялардың тілін білмей-ақ, сіз МАГАТЭге жүгіне аласыз. Қазақстанда технологиялық негіз бар, ол Ульбин металлургиялық зауыты, ол осы банкті сақтау мақсатында құрылған болатын, осы жылы 65 жылдығын тойлап үлгерді», - деді Т.Жантикин.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика