Қазақстан мен Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Түркияда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев бастаған делегациясы түрік қарулы күштері мен қорғаныс өндірісінің әлеуетін зерделеу және екі елдің арасындағы аталған салалар бойынша ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады.
Әлемде02 Қазан , 12:35

«Қазақстан делегациясы Түркия Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Шабан Ұмытпен кездесу өткізіп, қорғаныс өндірісінің беделді түрік компанияларына, оның ішінде оптикалық жабдықтар мен радиолокациялық құралдарды өндіретін «Аселсан» корпорациясына, әскери реактивтік ұшақтарға қондырғыларды өндіретін «ТАИ» корпорациясына, брондалған техниканы шығаратын «Отокар» корпорациясына және т.б. барып қайтты», - деп хабарлады ҚР СІМ.

Сапардың барысында қорғаныс өндірісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақ-түрік комиссиясының 7-ші отырысы өткізіліп, оның қорытындылары бойынша ынтымақтастық туралы Протоколға қол қойылды.

Кездесулер барысында тараптар әскери, әскери-техникалық және әскери білім беру аясындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болашағы туралы пікір алмасты. Қазақстанның әскери кадрларын шетелде даярлау бойынша Түркияда әскери оқу орындарында курсанттармен қатар офицерлерді оқыту мәселесінің асты сызылды.




Яндекс.Метрика