Қоршаған ортаға зиян келтірген үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Қоршаған ортаға зиян келтірген үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау мен мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан19 Қыркүйек , 16:42

 «Сондай-ақ, әкімшілік айыппұлдардың көлемі де қарастырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 243 бабы қоршаған ортаға зиян келтіру деңгейін қарастырады. Жеке тұлға, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес субъектілері  үшін 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Ірі тауар өндірушілер үшін айыппұл 1000 пайыз көлемін құрайды», - деді А. Пірімқұлов.

Айта кетерлігі, айыппұл көлемі Парламент Мәжілісінде жыл бойы бірнеше мәрте қаралып, талқыланды. Оған мемлекеттік орган қызметкерлері, ірі тауар өндірушілер және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, ол аталмыш нормалар жаңа Кодекске көшірілгендігін айтып өтті, ол 2015 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енеді.

«Топ өкілдері айыппұл құны қоршаған ортаға тиген зиянға пара–пар келуі тиіс деп есептейді. Сондықтан да, әрекеттегі нормалар жаңа Кодекске енгізілді. Ол өз күшіне 2015 жылдың 1-ші қаңтарында енеді», - деді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика