Елде жаңа замандағы қауіп-қатерлерге бірлесе ден қоюдың заманауи әрі серпінді жүйесі құрылған

Астана қаласында ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаевтың төрағалық етуімен ІІМ-нің/ТМД-ға мүше мемлекеттер полицияларының қызметін кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша ІІМ-нің ТМД-ға мүше мемлекеттер полицияларының кадрлық аппарат басшыларының кеңесі болып өтті.
Нұр-Сұлтан20 Қыркүйек , 12:03

ҚР ІІМ хабарлағандай, аталған ұйым аясындағы ынтымақтастықта біздің мемлекеттеріміздің полиция органдарының алдында тұрған бірыңғай мақсаттар мен міндеттер басымдыққа ие. Жақында ғана Қырғыз Республикасында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері Кеңесінің отырысы осының айғағы. Отырыс қорытындысында бірқатар маңызды шешімдер, оның ішінде кадр және ғылыми жұмыстар саласындағы ынтымақтастыққа қатысты да шешімдер қабылданды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Е. Тұрғұмбаев тәуелсіздік жылдарында жаңа замандағы қауіп-қатерлерге бірлесе ден қою мақсатында ынтымақтастықтың заманауи әрі серпінді жүйесі құрылғанын, бұл істе әуелі кадр жұмысы аппаратының сіңірген еңбегі зор екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда кадр қызметтерінің ынтымақтастығын айқындайтын, сондай-ақ Достастық елдерінің ішкі істер органдары қызметкерлерін оқытуға мүмкіндік беретін іргелі халықаралық құқықтық база жасақталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеңес жұмысының барысында ІІО-ны реформалау процессінде кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіруге, кадрлық аппарат қызметін оңтайландыруға, кәсіби шеберлігі жоғары кадрларды дайындауды шешудің маңызды жолдарына және басым міндеттеріне, ТМД-ға мүше мемлекеттердің қазіргі жағдайда кадрлық әлеуетінің сапасын жетілдіру жолдарына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

 

 




Яндекс.Метрика