3 мыңнан астам қазақстандық оқушы мен студент жаңа экология оқулығының авторластары атанды

3 мыңнан астам қазақстандық оқушы мен студент жаңадан шығып жатқан «Экология және тұрақты даму» экология оқулығының авторластары атанды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Жандану» жобасының жалпы білім беру бағдарламасы департаментінің жетекшісі Мұрат Исаханов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан11 Қыркүйек , 17:24

«Аталмыш оқулықтың бір ерекшілігі, онда төрт автор бар. Ал жалпы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3 мыңдай оқушы мен студент оқулықтың авторластары болып табылады. Өйткені екі жылдан бері осы оқулық еліміздің барлық облыс орталықтарында қабылдаудан өткізілді. Менің ойымша, біздің фильмнің сюжетінде болған әр оқушы өзінің өміріне қажетті мәліметтерге қол жеткізді деп ойлаймыз», - дейді М.Исаханов.

Сонымен қатар, М.Исахановтың айтуынша, жобаның басты мақсаты қазақстандық оқушылар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.

«Тура екі жыл бұрын біздің «Жандану» жобасы қолға алынды. Осы уақыт аралығында қыруар шаруа атқарылды. Жобамыздың басты мақсаты біздің оқушылар арасында құндылықтар жүйесі арқылы экологиялық мәдениетті арттыру. Басында біз алдымызда өте ауқымды және жаһандық мақсаттарды қойдық. Соның бірі бүгінгі оқулықты жазып шығару еді», - дейді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика