Парламентаралық диалог Қазақстан мен Франция ынтымақтастығының негізгі бөлігі

Бүгін Мәжіліс төрағасы Қабибулла Жақыпов екіжақты қатынастарды, соның ішінде парламентаралық деңгейдегі байланыс пен Франция Сенатының «Франция-Қазақстан» достастығы тобы басшысымен жетекшілік етілетін Франциядағы Сенат делагаттары байланысын талқылады.
Нұр-Сұлтан08 Қыркүйек , 18:28

Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар екіжақты парламентаралық байланыстың қарқынды дамуының екі  елдің байланысына оң ықпал беретіндігіне сенім білдірді. Бұл өз кезегінде Қазақсан мен Франция арасындағы әріптестік байланысты жетілдіре түспек.

Қабибулла Жақыповтың пікірінше, Іскерлік кеңесі, экономикалық ынтымақтастық бойынша парламентаралық комиссияға мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық қатынасын нығайтудың мол үлес қосатыны анық. Соның ішінде мангистрлік бағдарламалар бойынша екі ел арасындағы маман дайындау бағдарламалары әріптес елдердің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтермек. 

«Өз кезегінде Андре Дюлэ Францияның Қазақстандағы түрлі салалардың дамуына үлес қосуға дайын екендігін айтты. Соның ішінде индустрияланедыру, агроөнеркәсіптік кешен, жаң технологияларды енгізу салаларына басымдылық берілмек. Оның айтуынша, біздің ел ЭКСПО-2017 көрмесінде де Франция тарабына сенім білдіре алады», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика