«Бізге еліміздегі әр оқушының сапалы білім алғаны маңызды. Ал балалардың мақсатты білім алулары үшін тиісті жағдай жасалуы қажет. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының өзінде 2 000 000 теңге көлемінде қаржы жинақталып, балардың қажетті дүниелерін алу үшін үйлестірілді. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының 7 ауданда филиалымыз бар. Аудандық кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда»,-деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров.
Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де өздерінің бір күндік айлықтарын аталмыш акцияға бөлді. Қазіргі таңда мектеп директорлары Кәсіпкерлер палатасына ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттар жолдауда.