Дархан Мыңбай мен Николай Буров мәдени мұраларды сақтау, зерттеу және көпшілікке тарату, сол сияқты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды тереңдету бағытында ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық қызметі, кеңес беру және ғылыми ақпараттар, құжаттар, әдебиеттер алмасу, сонымен қатар жекелеген экспонаттар мен топтамалардың көшірмелерін жасауға мүмкіндік беру, көрмелер ұйымдастыру, ғалымдар мен мамандар алмасу, қызметкерлердің біліктілігін көтеру мақсатында машықтану курстарын ұйымдастыруға өзара келісті.
«Исаакиевский собор» - көпшілікке кеңінен танылған бүкілресейлік мәдениет орталығы, көпатқарымды музей мекемесі. Бұл шетелдерге аса танымал болған Ресейдің ең маңызды көркем өнер музейлерінің бірі.
Еске салсақ, «Исаакиевский собор» - ҚР Ұлттық музейімен ынтымақтастық шартын жасасқан ресейлік үшінші музей. Бұған дейін Ресей этнографиялық музейі мен «РОСИЗО» Мемлекеттік музей-көрме орталығымен әріптестік туралы келісімдерге қол қойылған болатын.