Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанның қонақжайлығы Халықаралық фестиваль қатысушыларының көңілінен шықты

«Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия» халықаралық фестивалінің қатысушыларын марапаттау рәсімі ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшының Қоры кешенінде өтті.
Нұр-Сұлтан24 Тамыз , 10:58

Биыл жоба 2013-2022 жылдарға мәдениеттер жақындасуының халықаралық он жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Фестивальға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекістан елдерінен 150 жас суретшілер қатысты. 

Өнер, мәдениет, қарым-қатынас жөніндегі дәрістерді арнайы мамандардың оқуымен фестиваль жалғасын тапты.

«Мен өмірімде алғаш рет өз туған жерімнен жыраққа шықтым. Маған шараның бағдарламасы өте ұнады. Мен еліме жеткен соң, бұл елдің, астананың кереметтілігін достарыммен бөліскім келеді», - деді Түрікменстанның Ашхабад қаласынан келген қатысушы Айша Сейітова.

Айта кетейік,  шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы, Ұлт көшбасшысы–Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің қоры, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы, Алматы қ. ЮНЕСКО кластерлік бюросы,Астана қ. әкімдігі, Қазақ Ұлттық өнер университеті.

Индира Кауметова 

 

 




Яндекс.Метрика