Мәдениетті жаңғырту

700 жас суретшінің туындысы «Балалар әлемді бейнелейді» жинағына енді

Ағымдағы жылдың 20-24 тамыз аралығында Қазақстанда Орталық Азияның елдеріне арналған жас суретшілердің халықаралық фестивалі өтті. Шараға 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.
Нұр-Сұлтан24 Тамыз , 10:36

«Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия 2013-2014» ЮНЕСКО халықаралық байқау-фестиваліне қатысқан 700 жас суретшінің туындысы альбомға еніп, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жобаның шығу тарихына тоқталатын болсақ, жоба 1999 жылы басталды. Сол кезде ЮНЕСКО директоры «Балалар әлемді бейнелейді» альбомын шығарады. Оның құрамына Қазақстан да енген еді. Сол кезден бастап елде жоба дамып, кең етек жая бастады. Жоба ашылғанда 400 қатысушы болса, қазір олардың саны 4000 балаға жетті. «Балалар әлемді бейнелейді» бірінші альбомы  Елбасы Н.Назарбаевтың мақаласымен басталған.

Айта кетейік,  20 тамызда байқау-фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан 150 жас суретші Астанаға келді. Жас қылқалам шеберлері екі күн бойы Орталық Азия елдерінің дарынды суретшілерінің бейнелеу өнерінен шеберлік сыныптарына, толеранттылық бойынша тренингтерге, халықаралық мамандардың мәдениет, өнер және коммуникация саласындағы дәрістеріне қатысты. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика