Мәдениетті жаңғырту

Астанада «Балалар әлемді бейнелейді» халықаралық фестивалі аясында жас суретшілер марапатталды

Назарбаев орталығында «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия» халықаралық фестивалінің салтанатты түрде жабылу рәсімі өтті. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанның суретшілері қатысты.
Нұр-Сұлтан24 Тамыз , 10:19

Ағымдағы жылы шара 2013-2022 жылдарға арналған мәдениетті жақындастырудың он жылдығына бағытталып отыр. Шара барасында 150 жас талант пікірталастарға, тренингтерге, мастер-класстарға қатысуға мүмкіндік алды.

«Таныстырылған жобаға 700 жас қазақстандық, өзбекстандық, тәжікстандық, түрікменстандық, өзбекстандық  суретшінің туындысы кірді, бұл біздің мемлекеттеріміздің арасында бірлікті сақтаудың ниеті. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіріп, оларға шығармашылық табыс тілеймін», - деді мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлының құттықтау сөзін ведомство хатшысы Қуатжан Уәлиев оқып берді.

Айта кетейік, 2014 жылдың 20-24 тамызы аралығында Қазақстан астанасында жас суретшілердің халықаралық фестивалі өтті.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика