Өңірлер

Семейде ауыл жобаларын қаржыландыру қорының бөлімі ашылды

Семейде ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру қорының Шығыс Қазақстандық филиалы ашылды, ол «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы болып есептеледі, деп ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан24 Тамыз , 11:36

Бөлім Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жергілікті жерлер мен Семей қаласына қарасты адамдарда қызметке жүгіне алады, жалпы саны 400 мыңға жуық адам бар.

Айта кетерлігі, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру қоры 2007 жылдан бастап ауылдық тауар өндірушілеріне шағын несие берумен айналысады. Несиелер 14 облыстық филиал және шағын несие беретін ұйымдар арқылы берілетін болады. Оған қоса, қордың негізгі аудиториясы шағын бизнес өкілдері болып есептеледі.

«2013 жылы осы сынды филиалдарды Астана мен Талдықорған қалаларында аштық. Семейдегі бөлім үшінші мекеме. Біздің қызметкерлер кеңес беруден бастап несие ресімдеуге дейінгі қызметтерді атқарады. Бұл күннен бастап аудандық және ауылдық тұрғындар несие алуда қиыншылық көрмейді деген үміттеміз», - деді Қордың басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев.

Жалпы, «Ауыл шаруашылығын қолдаудың қаржылық қоры» АҚ несиелік портфелі 41,5 млрд теңгені құрайды, белсенді қарызгерлер саны -20 681 адам. 1-ші жарты жылдық бойынша қор 11,5 млрд теңге тұратын  3 737 несие берді. 




Яндекс.Метрика