Адами капитал

Rixos Borovoe-2014 қайырымдылық велошеруі 2014 жылы 12 млн теңге жинайды

Rixos Borovoe-2014 қайырымдылық велошеруі 2014 жылы 12 млн теңге жинайды, ол облыстық перинаталды орталыққа қажетті қондырғыларды алуға жұмсалады.
Ақмола23 Тамыз , 11:35

Велошеру өткен жылғы бағыт бойынша өтпек, трасса ұзындығы шамамен 30 шақырымды құрайды. Қайырымдылық шарасынан түскен қаражат облыстық перинаталды орталықтың балалар жансақтау бөлімін кеңейтуге бағытталмақ. 

«Былтырғы жылы велошеруге 130-дан астам адам қатысты. Олардың барлығы өз үлесін қосуға ниет танытты, нәтижесінде 800 мың теңге қаражат жиналды. Сондай-ақ корпоративтік салымшылар болды, компаниялардың жарнасы есебінен 2 миллион 400 мың теңге жиналды», - «Асыл мирас» қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Алмаз Шарман.

«Бұл аукционда Олимпиада чемпионы Александр Винокуров велосипедін сатылымға шығарды. Жалпы осы қайырымдылық шарасынан 11,5 млн теңге жиналды. Бұл қаражатқа облыстық перинаталдық орталыққа шала туған балаларды күтуге қажетті қондырғылар сатып алынды», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыстық перинаталдық орталықтың қосымша ғимаратын қалпына келтіру аяқталуға жақын, онда педиатрия кешені орналасатын болады. Жаңа кешенде перинаталдық орталықта ғана емес, сонымен бірге бүкіл облыс бойынша дүниеге келген сәбилерге көмек көрсетіледі. 

Осы кешенді медициналық жабдықпен жарақтандыру үшін Rixos Borovoe-2014 қайырымдылық шеруінің қатысушылары 12 млн теңгеден астам қаржы жинауды көздеп отыр. Бұл жыл сайын 300-ге жуық нәрестеге ем көрсетуге, облыс бойынша кішкентай науқастарды және олардың аналарын қабылдауға мүмкіндік бермек. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика