Ұлттың денсаулығы

А.Винокуровтың қатысуымен өтіп жатқан велошеруге 200-ге жуық адам қатысуда

Бүгін Щучье-Бурабай шипажай аймағында «Rixos Borovoe – 2014» қайырымдылық велошеруі басталды.
Ақмола23 Тамыз , 11:13

«Велошерудің мақсаты – қайырымдылық. Бұл акция тек қазақстандықтар үшін ғана емес, бар әлем бойынша дәстүрге айналады деген үміттемін. Акция Щучье-Бурабай шипажай аймағында туризмді дамытуға бағытталған», - деді А. Винокуров.

«Бүгінгі велошеру қайырымдылық шарасы, оған екінші рет қатысып отырмын. Бұл бастамаға қуана қолдау көрсеттім, биыл бұл шараға командамыздың мүшелері мен достарымды тартуды жөн көрдім», - деді ол.

Айта кетейік, велошеруді Rixos Borovoe қонақ үйі белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың «Асыл мирас» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, Ақмола облысының қолдау көрсетуімен ұйымдастырып отыр.

Екінші жыл өткізіліп отырған акцияға биыл да Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, велошеруге «Тур де Франс» жеңімпазы Винченцо Нибали мен «Astana» велокомандасының мүшелері қатысады.Велошеруге 200-ге жуық адам қатысады, оның ішінде ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері мен қызметкерлері, түрлі мемлекеттік құрылымдардың басшылары бар.

Мадина Нұрбекова

 

 




Яндекс.Метрика