Адами капитал

Қытайда өтіп жатқан Жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық штангашы қола жүлдеге ие болды

Жасөспірімдер арасындағы екінші Олимпиада ойындарында (Нанкин, Қытай) жас қазақстандық штангашы Татьяна Капустина қола жүлдеге ие болды, деп Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
Әлемде23 Тамыз , 15:37

«Жасөспірімдер арасындағы екінші Олимпиада ойындарында (Нанкин, Қытай) жас қазақстандық штангашы Татьяна Капустина 63 кг дейінгі салмақ категориясында 3 орын алды. Бұл салмақтағы жеңісті тайландтық спортшы қыз, ал екінші орынды Ресейден келген ауыратлетші иеленді», - делінген баспасөз баянанда.

Татьяна Капустина Ақмоланың ауыр атлетика мектебінің өкілі болып табылады.

Бұл медаль Қазақстанның аталмыш Олимпиададағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін дзюдошы Бауыржан Жауынтаев бірінші, ал ауыратлетші Жасұлан Қалиев үшінші орыннан көрінген болатын.




Яндекс.Метрика