Өңірлер

Ақтөбе облысында қой шаруашылығын дамыту үшін шаруаларға 625 млн теңге беріледі

Ақтөбе облысында шабаншыларға арналған «Алтын сақа» бағдарламасы басталды, деп облыстың әкімдігінде хабарлады.
Ақтөбе23 Тамыз , 10:02

Қой шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ филиалы Ақтөбе облысының шаруаларына 625 млн несиені 25 мың қой сатып алу үшін бөлмек.

«Өтінімдерді қабылдау шілде айында басталды, 10 әлеуетті қарызгер де табылды, олардың әрқайсысы 50 млн теңгеге екі мың бас қой сатып алады. Алғаш болып «Жеміс» шаруа қожалығы қаржыланды. Оған 8 млн теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасының  бірқатар негізгі бағыттары бар. Бәсекелестікті арттыруға орта құру, және «Сыбаға» ІҚМ сатып алуды дамытуға, «Құлан» жылқы шаруашылығын дамыту және «Алтын асық» қой шаруашылығына бағытталған. 




Яндекс.Метрика