Өңірлер

ҰКП қазақстандық кәсіпкерлерді бизнес-мобилизацияға шақырады

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев отандық кәсіпкерлерді бизнес-мобилизацияға шақырады.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 18:28

«Тәуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту саясатын тұрақты ұстанып келді, Қазақстанның ТМД елдері ішінде кәсіпкерлікке ең қолайлы жағдай жасайтын ел ретінде қалыптастырды. Соңғы жылдары Президенттің тапсырмасымен кәсіпкерлік климатты жақсарту бойынша түбегейлі шаралар қабылданып, кәсіпкерліктерді тексеруге бір жылдық мораторий жарияланды, Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті дамытуға 1 трлн теңге бөлінді. Олар инвестициялық жобаларды ұзақмерзімді қаржыландыруға жұмсалмақ. Мемлекеттік органдарды қысқарту реформасы қолға алынып, құқық қорғау қызметкері мен өзге де мемлекеттік органдардың қысымына тоқтау салынды», - дейді ол.

Оның айтуынша, дамыған елдерде атақты кәсіпкерлер, кәсіпкерлік басшылары қоғамдық компанияларға қатысып, қайырымдылық шараларына қатысуда бір-бірімен кәдімгідей бәсекеге түседі. Қақтығыстарды шешуде тізе қосып әрекет етеді. Жалпылай айтқанда, әлеуеметтік-экономикалық түйіткілдерді шешуде бірлесе жұмыс істейді.

«Сол себепті Президенттің жүргізіп отырған саясатының жемісі болып табылатын отандық кәсіпкерліктің осынау жауапты кезде бейтарап қалмағаны жөн. Өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, үн қатуы тиіс. Бизнес шоғырлана отырып қоғам алдында өздерінің экономиканың басты қозғаушы күші екенін дәлелдеуі тиіс. Сол себепті біз қазақстандық кәсіпкерлерді «Бизнес-мобилизацияға» араласуға шақырамыз», - дейді Ошақбаев.

«Біз аталмыш бастамаларды мониторингтен өткізіп, оны іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетеміз. Әрбір ауданға бара отырып ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі саларындағы мәселелерді анықтап, оны шешетін боламыз», - дейді.




Яндекс.Метрика