Өңірлер

СҚО-да күзгi жұмыстарды жүргiзу үшiн 72 мың тонна жеңiлдетiлген жанар-жағар май алынды

Биыл облыстың диқандары 4 миллион 345 мың гектар алқаптан астық жинап алуды жоспарлап отыр, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Солтүстік Қазақстан22 Тамыз , 18:13

«Орақ науқанының алдында ұйымдастырылатын «Дала күнi» бұл жолы Тайынша ауданындағы «Тайынша-Астық» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде өттi. Облыстық агроқұрылымдары мен ауылшаруашылығы бөлiмдерiнiң басшыларына, аудан әкiмдерiне осы серiктестiктiң егiс алқаптары, қысқа мал азық әзiрлеу технологиялары, мал шаруашылығы көрсетiлдi», - делінген хабарламада.

Облыстағы озық агроқұрылымдардың бiрi саналатын серiктестiк қай саланы болмасын тең дамытып келе жатқан құрылым.Шаруашылықтың жұмысымен, осы жерде ұйымдастырған ауылшаруашылығы техникасы көрмесiмен танысқан делегация бұдан кейiн семинар-кеңеске жиналды. Аграрлық кеңесте орақ науқанына даярлық мәселелерi қарастырылды.

Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айбарбек Сапаровтың ақпараты бойынша биыл облыстың диқандары 4 миллион 345 мың гектар алқаптан астық жинап алуды жоспарлап отыр. Оның 3 миллион 300 мың тоннасы дәндi-дақылдар. 597 мың гектар майлы дақылдар, 442 мың гектар азықтық дақыл жинау керек.

Жаз бойы жақсы өнiм алу үшiн қажеттi барлық жұмыстар атқарылды. 34,3 мың тонна минералдық тыңайтқыш шашылған.

Биылғы ораққа 9380 комбайн қатысады, олардың 2600 жоғары өнiмдi жаңа комбайндар. Күзгi жұмыстарды жүргiзу үшiн 72 мың тонна жеңiлдетiлген жанар-жағар май алынған.

Сөз алған ғалымдар мен шаруашылықтар басшылары үстiмiздегi жылғы науқанның ерекшелiктерi мен орақты жүргiзу бойынша ақыл-кеңестерiмен бөлiстi.

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов орақ науқанын сапалы, әрi уақытында жүргiзу бойынша барлық шараларды қолға алуды тапсырды.




Яндекс.Метрика