Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ЖҚЖК аясындағы жастар тәжірибесі - машықтанудың бірегей мүмкіндігі

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» аясындағы жастар тәжірибесі машықтанудың бірегей мүмкіндігі, деп ағынан жарылды Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ уақытша жұмысқа орналастыру бөлімінің маманы Жандос Мурзинов.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 17:14

«Іс тәжірибеден 6 ай бойы өтуге тура келеді, тәжірибе уақыты аяқталған соң жұмыс беруші маманды алып қалу немесе босату туралы шешім қабылдайды. Тіпті, ол жұмысқа алып қалмаған күннің өзінде өз мамандығы бойынша тәжірибе жинақтайды және оның еңбек кітапшасында 6 ай бойы жастардың іс тәжірибеден  өткені туралы жазбасы болады. Ол болашақта оған жұмысқа орналасуға септігін тигізеді», -  деп сендірді Ж. Мурзинов.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, жаңадан бастаған мамандар жастар іс тәжірибесі аясында 27 мың 700 теңге көлемінде жалақы алатын болады.

«Жастар іс тәжірибесі аясында түлектерге 27 мың 700 теңге көлемінде жалақы бекітіледі, оның 25 мыңға жуығын ол таза қолына алады, қалған сома зейнетақы қорына жіберіледі», - деді маман.

Бұдан басқа, 2015 жылы Жұмыспен қамту орталығы жастар іс тәжірибесінен өткен соңда жұмысқа орналаспаған азаматтарға жұмыс табуына көмектесетін болады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика